Ертіс өңірінде есірткіге қарсы айлықтың қорытындысы шығарылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

26 маусым күні Павлодар қаласының Орталық жағалауында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған «Есірткісіз болашаққа ұмтыл» атты айлықтың салтанатты жабылу рәсімі өтті.

Ауқымды профилактикалық іс-шара «Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында ұйымдастырылып, қоғамда есірткіге деген теріс көзқарасты қалыптастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға, құқықтық мәдениетті арттыруға және жастарды қоғамдық маңызы бар бастамаларға тартуға бағытталды.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, құқық қорғау құрылымдарының, қоғамдық бірлестіктердің, волонтерлік ұйымдардың өкілдері, депутаттар, блогерлер, спортшылар, шығармашыл жастар, сондай-ақ Павлодар облысының тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Кеш бойы келушілер үшін спорттық және интерактивті алаңдар, бейінді ұйымдардың консультациялық аймақтары, арнайы техника мен жабдықтардың көрмелері, тақырыптық фотозоналар, балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы бар отбасылық аймақ, сондай-ақ есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу мен салауатты өмір салтын насихаттауға арналған түрлі байқаулар, викториналар және басқа да белсенді іс-шаралар ұйымдастырылды.

Салтанатты бөлімде айлықтың қорытындысы шығарылды. Профилактикалық іс-шараларға белсенді қатысқан азаматтар, волонтерлер, қоғам белсенділері, «Біз өмірді таңдаймыз!» сурет байқауының және есірткіге қарсы науқан аясында өткен футбол турнирінің жеңімпаздары Алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Көрермендердің ерекше қызығушылығын спорт федерацияларының, шығармашылық ұжымдардың және арнайы бөлімшелер қызметкерлерінің жоғары кәсіби даярлығы мен шеберлігін көрсеткен көрнекі қойылымдары тудырды.

Мерекелік кештің жарқын қорытындысы ретінде республикалық деңгейдегі өнер жұлдызы Серік Мұсалимов өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1249308?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді