«Заң және Тәртіп» жобасы аясында тұрғындармен кездесу өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін «Свердлов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы Свердловка ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды. Іс-шара «Заң және Тәртіп» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Әңгімелесу барысында тұрғындарға алаяқтықтың кең таралған түрлері, интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерден сақтану жолдары түсіндірілді.

Кездесу соңында тұрғындарға алаяқтардың арбауына түспеу және өздерін қаржылық шығындардан қорғау бойынша ақпараттық жадынамалар таратылды.
#законипорядок 
#заңментәртіп 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-sverdlov/press/news/details/1249323?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді