
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен және бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Сауран ауданы әкімі аппаратының әкімшілік және ақпараттық қауіпсіздік бөлімі тарапынан Сауран ауданы әкімдігінің «Шорнақ ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметтердің сапалы әрі заңнамада белгіленген мерзімдерде көрсетілу деңгейі зерделеніп, қызмет көрсету үдерістерін жетілдіруге бағытталған тиісті түсіндіру және әдістемелік жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар, қызмет алушылар үшін жасалған жағдайлар қарастырылып, әкімшілік ғимараттың мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімділігі тексерілді. Қызмет көрсету сапасына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, анықталған жайттар бойынша жауапты қызметкерлерге тиісті ұсынымдар берілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық бақылау жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты негізде жалғасатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1249358?lang=kk

Жауап қалдыру