ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сіздерді 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік қызмет – ел мен халық алдындағы үлкен жауапкершілік пен адал еңбекті талап ететін мәртебелі міндет. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, отаншылдық қасиеттеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз мемлекеттік саясаттың тиімді жүзеге асуына, тұрғындардың әл-ауқатының артуына және ауданымыздың тұрақты дамуына негіз болып келеді.
Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруда мемлекеттік қызметшілердің еңбегі ерекше. Халықтың сенімін ақтап, ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген барша мемлекеттік қызметшілерге шынайы ризашылығымды білдіремін.
Осы кәсіби мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, қызметтеріңізге толағай табыс, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге жаңа жетістіктер тілеймін!
Құрметпен,
Сауран ауданының әкімі
Мақсат Таңғатаров

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1249390?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді