
2026 жылғы 25 маусымда Райымбек ауданының Нарынқол ауылындағы ХҚКО ғимаратында Алматы облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен құқықтық түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараға адвокаттар, нотариустар және жеке сот орындаушылары қатысып, азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсетті. Қабылдау барысында тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, заңнама нормалары түсіндірілді.
Мұндай іс-шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және халыққа білікті заң көмегін көрсетуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-alm/press/news/details/1249460?lang=ru

Жауап қалдыру