Абай ауылында ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай ауылында ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өтті

2026 жылғы 29 маусым күні Абай ауылдық клубының ауласында «Адал адам» мәдени-тәрбие беру орталығының «Креативті хаб» бағыты аясында «Сүттен – әрбір тағамға, әрбір үйге» атты ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкенің мақсаты – ұлттық тағамдарды дәріптеу, жергілікті өнім өндірушілерді қолдау және тұрғындарды табиғи, сапалы қазақы өнімдермен қамтамасыз ету.

Тұрғындарға құрт, бренза, шұбат, қозы еті, жаппай нан және сары май секілді ұлттық өнімдер ұсынылды. Жәрмеңкеге ауыл тұрғындары қатысып, табиғи өнімдерді сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-sarykol/press/news/details/1249505?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді