
Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылында орналасқан жанармай құю және автогаз құю бекеттерінде өрттердің алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында мамандар өрттің ірі көлемге дейін өршуіне жол бермеу мақсатында тез тұтанғыш сұйықтықтардың төгілу қаупі, сыртқы және ішкі өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерінің жарамдылығы, алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуы және оларды дұрыс пайдалану тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, қызмет көрсетуші персоналға өрт туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмдері түсіндіріліп, қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде ұсыным хаттар табысталды.
Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1249670?lang=ru

Жауап қалдыру