
Балпық ауылдық округіндегі шаруа қожалықтарында қыстық мал азығын дайындау науқаны аясында шөптің екінші шабындығы басталуда. Бұл кезеңде шаруалар қыс мезгілінде малды сапалы азықпен қамтамасыз ету үшін табиғи және екпе шабындықтардағы шөпті орып, жинау жұмыстарын жүргізуде.Бұл жұмыстардың басты мақсаты – мал қыстату кезеңіне жеткілікті әрі сапалы азық қорын дайындау. Ауыл еңбеккерлері қолайлы ауа райын тиімді пайдаланып, қажетті техникаларды жұмылдыра отырып, науқанды уақытылы әрі сапалы аяқтауға күш салуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-balpyk/press/news/details/1249749?lang=ru

Жауап қалдыру