
Қ.Жұмағалиев көшесінің (бұрынғы Фрунзе көшесі) Назарбаев даңғылынан Аманжолов көшесіне дейінгі аралығында ескі жарықтандыру тіректерін бөлшектеу (демонтаж) жұмыстары жүргізіледі. Аталған аумақта бұған дейін жаңа жарықтандыру тіректері орнатылған.
Осыған байланысты 2026 жылғы 30 маусым күні сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін аталған учаскеде автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына уақытша шектеу қойылады.
Қоғамдық көлік қозғалысы уақытша Дәулеткерей көшесі арқылы ұйымдастырылады.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан бағыттарыңызды алдын ала жоспарлап, уақытша орнатылған жол белгілерінің талаптарын сақтауды және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1249826?lang=ru

Жауап қалдыру