
Ақмола облысы Жақсы ауданының Ешім ауылында 205-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымының ашылу рәсімі өтті. Өрт сөндіру бекетінің қорғау аймағына жалпы саны 1122 адам тұратын екі ауылдық елді мекен кіреді.
Қойылған міндеттерді орындау үшін өрт сөндіру бекеті жеке құрамды, өрт сөндіру құралдарын жеткізуге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған заманауи өрт сөндіру автоцистернасымен жабдықталған. Сонымен қатар, бөлімше тәулік бойы қызмет атқаруға дайын оқытылған жеке құраммен, қажетті өрт-техникалық жарақтармен және жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.
Жобаның ерекшелігі – оның әлеуметтік жауапты бизнестің қолдауымен жүзеге асырылуында. Бұл халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік қауымдастық арасындағы тиімді өзара іс-қимылдың жарқын үлгісі болып табылады.
Жаңа өрт сөндіру бекеті ең жақын өрт сөндіру бөлігінен 53 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл төтенше оқиға орнына бөлімшелердің келу уақытын едәуір қысқартып, тұрғындардың төтенше жағдайлардан қорғалу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Мұндай нысанның ашылуы, әсіресе әрбір минут шешуші рөл атқаратын шалғай елді мекендерде, өрттер мен басқа да төтенше жағдайларға жедел ден қоюды қамтамасыз ету тұрғысынан аса маңызды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1249851?lang=ru

Жауап қалдыру