Бүгін «Қарағанды – Жезқазған» жобасына старт берілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі еліміздегі ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – республикалық маңызы бар Қарағанды – Жезқазған автожолын реконструкциялау жобасының басталғанын хабарлайды.

Жобаның салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков, көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров.

Жаңа автожолдың жалпы ұзындығы 457 шақырымды құрайды. Оның 122 шақырымы Қарағанды облысының, ал 355 шақырымы Ұлытау облысының аумағы арқылы өтеді. Жол қолданыстағы автожолға параллель салынып, Қазақстанның солтүстік және оңтүстік өңірлерін байланыстыратын маңызды көлік дәлізіне айналады.

Жоба халықаралық қауіпсіздік, сапа және өткізу қабілеті талаптарына сәйкес келетін II техникалық санаттағы заманауи автожол құрылысын көздейді. Нәтижесінде әр бағытта екі жолақтан қозғалыс қамтамасыз етіледі.

Жобаның басты ерекшелігі – Қазақстанның жол саласында алғаш рет осындай ауқымда DBM (Design – Build – Maintain) форматының қолданылуы. Бұл тетік мердігер ұйымның жолды жобалау, салу және пайдалануға берілгеннен кейін жеті жыл бойы күтіп ұстау жұмыстарына толық жауап беруін қарастырады.

Құрылыс жұмыстары бір мезгілде төрт учаскеде жүргізіледі және әрқайсысы бойынша мердігер ұйымдар анықталған. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары, жобалау және жер төсемін салу жұмыстары басталып кетті.

Қарағанды – Жезқазған автожолын реконструкциялау еліміздегі ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың біріне айналып, өңірлер арасындағы көлік байланысын едәуір жақсартады, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттырады және жол жүру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1249969?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді