
2026 жылғы 17 маусымда Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ғимаратында ведомстволық бағынысты арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары директорларының қатысуымен семинар-кеңес өтті.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің аға прокуроры Бибігүл Төлебайқызы Елькеева өткізді.
Кеңес барысында жұмысқа қабылдау кезінде ҚР Еңбек кодексінің 26-бабының талаптарын сақтау мәселелері қаралды, заң бұзушылықтарын жою жөніндегі ұсыну талқыланып, еңбек заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету жөнінде түсіндірмелер мен ұсынымдар берілді.
Мұндай іс-шараларды өткізу мемлекеттік және әлеуметтік мекемелердің қызметінде заңдылықты, ашықтық пен жауапкершілікті қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық мәдениетті нығайтуға, заңнаманы бұзудың алдын алуға және «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhumys-aleumettik-korgau/press/news/details/1250096?lang=ru

Жауап қалдыру