
Ақжелкен лагерінде «Адал азамат» бағдарламасы аясында «Ұлы даланың қырандары» атты танымдық-спорттық сайыс ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау және командалық рухты нығайту болды. Сондай-ақ, қатысушыларға «Адал азамат» ұғымының негізгі қағидаттары – заң мен тәртіпті сақтау, өз ісіне адал болу, айналасындағы адамдарға құрметпен қарау және жауапкершілік таныту құндылықтары кеңінен насихатталды.
Сайыс барысында қатысушылар түрлі кезеңдер бойынша бақ сынап, өздерінің білімдерін, ептіліктерін, жылдамдықтары мен тапқырлықтарын көрсетті. Әсіресе ұлттық дәстүрлер мен қазақ халқының тарихына қатысты тапсырмалар балалардың қызығушылығын арттырды.
Сайыс соңында үздік нәтиже көрсеткен топтар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilimmai-edu/press/news/details/1250093?lang=ru

Жауап қалдыру