
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері отбасы саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бағытында профилактикалық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде. Іс-шара барысында тұрғындарға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық жауапкершілік, жәбірленушілердің құқықтары мен оларды қорғау тетіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, азаматтарға отбасындағы дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешудің маңыздылығы түсіндіріліп, қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарына дер кезінде жүгіну қажеттігі айтылды. Полиция қызметкерлері отбасындағы қауіпсіздік пен өзара сыйластықты сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1250117?lang=ru

Жауап қалдыру