
Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтерге лицензияға қатысты келесіні хабарлайды.
Дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтерін көрсету үшін жеке және заңды тұлғалалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпке сәйкес лицензия алуы тиіс.
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік бұзушылықтар туралы» Кодексінің 464-баптың 1-бөлігіне сай, лицензиясыз қызметті жүзеге асырған үшін жауапкершілік көзделген.
Сіздер де осындай фактілерге тап болсаңыз дереу полицияға және Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сенім телефонына хабарласыңыз: 45-08-71.
Лицензияның жалған немесе шынайы екенін анықтау үшін сол лицензияның астыңғы жағындағы оң жағындағы ең шеткі QR-код арқылы сілтемеге өтіңіз.
Сілтеме e-license.kz сайтына өтіп, лицензия шынайы болса ол туралы толық ақпарат шығады, жалған болса ақпарат шықпайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1250186?lang=ru

Жауап қалдыру