Мемлекеттік қызметшілер күні!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!
Қадірлі мемлекеттік қызмет ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік қызмет – елдің тұрақты дамуы мен өркендеуінің негізгі тетіктерінің бірі. Бұл – халықтың мемлекетке деген сенімін нығайтып, қоғам мен билік арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін аса жауапты әрі мәртебелі қызмет. Мемлекеттік қызметші болу – Отанға адал қызмет ету, қоғам мүддесін қорғау және азаматтардың әл-ауқатын арттыру жолындағы үлкен жауапкершілік.

Бүгінде Ақжайық ауданында 140 мемлекеттік қызметші ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға, мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобаларды тиімді іске асыруға өз үлестерін қосып келеді. Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіздің арқасында ауданымызда көптеген маңызды бастамалар жүзеге асырылып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Мемлекет басшысы мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру, халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік аппараттың тиімділігін қамтамасыз ету бағытында нақты міндеттер қойып келеді. Бұл ретте әрбір мемлекеттік қызметші жауапкершілік, әділдік, ашықтық және адалдық қағидаттарын берік ұстанып, халық сенімін ақтауға тиіс.

Мемлекеттік қызметтің абыройын арттыру, халық сенімін нығайту және Әділетті Қазақстанды құру жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланады. Сіздердің біліктіліктеріңіз бен тәжірибелеріңіз, отансүйгіштік қасиеттеріңіз бен жауапты ұстанымдарыңыз ауданымыздың одан әрі өркендеуіне қызмет ете беретініне сенімдімін.

Осы айтулы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, баянды бақыт, жұмыстарыңызға табыс пен толағай жетістіктер тілеймін!
Еліміздің дамуы мен халқымыздың игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болып, мәртебелеріңіз арта берсін!

Мемлекеттік қызметшілер күні құтты болсын!

Құрметпен,
Ақжайық ауданының әкімі
М.Сердалин

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-akzhaik/press/news/details/1250199?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді