
Суши мен ролдар – көпшілік сүйіп жейтін тағамдардың бірі. Алайда оларды дайындау, сақтау немесе тасымалдау талаптары бұзылған жағдайда тағамнан улануға себеп болуы мүмкін.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін төмендегі қарапайым ережелерді сақтаңыз:
Суши мен ролдарды санитариялық талаптарды сақтайтын, сенімді қоғамдық тамақтану орындарынан ғана сатып алыңыз.
Өнімнің сыртқы түріне, иісіне және балғындығына назар аударыңыз.
Рұқсат етілмеген сауда орындарынан сатып алмаңыз.
Өнімді сақтау мерзімі мен шарттарын сақтаңыз. Дайын суши мен ролдарды бөлме температурасында 2 сағаттан артық қалдырмаңыз.
Жарамдылық мерзімі өткен немесе қаптамасы бүлінген өнімді тұтынбаңыз.
Үйге жеткізілген суши мен ролдарды мүмкіндігінше тезірек тұтыныңыз.
Жүкті әйелдерге, балаларға, егде жастағы адамдарға және иммунитеті әлсіреген адамдарға шикі балықтан дайындалған тағамдарды тұтынбаған жөн.
Тағамнан уланудың негізгі белгілері:
• жүрек айну;
• құсу;
• іштің ауыруы;
• іш өту;
• дене қызуының көтерілуі;
• жалпы әлсіздік.
Егер осы белгілер байқалса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Әсіресе белгілер айқын байқалса немесе ұзақ уақыт сақталса, өздігінен емделмеңіз.
Денсаулығыңызды сақтаңыз – сапалы әрі қауіпсіз тағам өнімдерін таңдаңыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1250261?lang=ru

Жауап қалдыру