Меркі ауданында судағы қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, халық көп демалатын орындарда профилактикалық рейд өткізді. Іс-шара барысында Меркі таулы аймағында демалып жатқан азаматтарға судағы қауіпсіздіктің негізгі талаптары, соның ішінде шомылу ережелері, белгіленбеген жерлерде суға түсуге тыйым салу, балаларды үнемі бақылауда ұстау қажеттігі, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған кездегі әрекет ету тәртібі түсіндірілді. Табиғат аясындағы өрт қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Азаматтарға от жағу ережелері, қоқыс пен жанғыш материалдарды қалдыруға тыйым салынатыны, демалыстан кейін отты толық сөндіру қажеттілігі, сондай-ақ өрт анықталған жағдайда шұғыл қызметтерге дер кезінде хабарлаудың маңыздылығы ескертілді. Мамандар аудан тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, өз өмірін және қоршаған ортаны сақтауға жауапкершілікпен қарауға шақырды. Аудан аумағындағы профилактикалық іс-шаралар жазғы маусым бойы жалғасатын болады.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1250247?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді