
Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдердің және жауапты мекемелердің басшылары қатысты.
Аппарат мәжілісінің күн тәртібінде маңызды 5 (бес) мәселе қаралды:
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты бөлім басшылары баяндама жасап, атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттерді таныстырды. Әр мәселе жан-жақты талқыланып, олардың тиімді шешу жолдары бойынша нақты ұсыныстар айтылды.
Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Азизхан Исмаилов жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне берілген тапсырмалардың сапалы әрі мерзімінде орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
Сонымен қатар инвестиция тарту жұмыстарын күшейту, бюджеттік қаражаттың тиімді әрі мақсатты игерілуін қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту шараларын жандандыру, аудан аумағындағы тазалық жұмыстарын сапалы ұйымдастыру және барлық көрсеткіштердің орындалуына тұрақты мониторинг жүргізу қажеттігін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kazygurt-audany/press/news/details/1250232?lang=kk

Жауап қалдыру