Тұрғындардың жеке мәселелері қаралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі Мұрат Сердалин азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді.

Қабылдауға аудандық бөлімдердің басшылары мен тиісті сала мамандары қатысып, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді қарады.

Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үймен қамтамасыз ету, жол инфрақұрылымын жақсарту, жұмыспен қамту және жол қатынасына қатысты мәселелер бойынша өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.

Әрбір азаматтың өтініші қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қаралып, тиісті түсіндірмелер берілді.Қабылдау қорытындысы бойынша аудан басшысы көтерілген мәселелерді бақылауға алып, жауапты бөлім басшылары мен сала мамандарына заңнама талаптарына сәйкес тиісті жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, азаматтардың өтініштері белгіленген тәртіппен қаралып, олардың орындалу барысы тұрақты бақылауда болатыны атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-akzhaik/press/news/details/1250272?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді