
Бүгін әкімдікте аудан әкімі 28 маусым – Бұқаралақ ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай ауданымыздағы БАҚ өкілдерін қабылдады.
Қабылдауға аудандық «Ауыл жаңалығы»-«Сельская новь» газеті мен Ақпараттық медиа орталығының ұжымы, аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов, аппарат басшысы Асылжан Құрманов, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Айбек Ажибаевтар қатысты.
-Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз-Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтаймын! Қаламдарыңыз қарымды болып, жазар жаңалықтарыңыз көп болсын. Сіздер аудан көлеміндегі атқарылып жатқан игілікті істерді халыққа дер кезінде жеткізіп, ауданның өсіп-өркендеуіне өз үлестеріңізді қосып келесіздер. Мерекелеріңіз құтты болсын,- деген аудан әкімі Олжас Елебекұлы Ақпараттық медиа орталығының медиа және ақпарат бөлімінің басшысы Мерей Сардаров Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хатымен, Ақпараттық медиа орталығының тілшісі Айжамал Оразалиева, маманы Аянат Мейіржановалар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Сондай-ақ «Ауыл жаңалығы»-«Сельская новь» газеті редакциясы ЖШС-нің директоры Бауыржан Жақсымбетовқа “Ауданға сіңірген еңбегі” үшін төсбелгісі, ал басылым тілшісі Жанерке Рақымжанқызына аудан әкімінің Алғыс хаты табыс етілді. Басқада журналистерге сый-құрметтер жасалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1250324?lang=ru

Жауап қалдыру