
Бүгін аудан әкімі Мұрат Сердалин Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілер күні және Қазақстан Республикасы Полиция күніне арналған салтанатты мерекелік шараға қатысып, ауданның мемлекеттік қызметшілері мен полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Алдымен шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің орындалуымен басталды.
Құттықтау сөзінде аудан басшысы мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау органдарының елдің тұрақты дамуы мен қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ерекше рөліне тоқталып, олардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық тұрақтылық пен құқықтық тәртіптің сақталуына қосып отырған үлесін атап өтті.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатының маңыздылығына тоқталып, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру және халыққа сапалы қызмет көрсету бағытындағы міндеттердің маңызына ерекше назар аударды.
Шара барысында өздерінің кәсіби міндеттерін адал әрі үлгілі атқарып жүрген бірқатар мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлері аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Мерекелік жиын аудан өнерпаздарының қатысуымен ұйымдастырылған концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-akzhaik/press/news/details/1250518?lang=ru

Жауап қалдыру