Астаналық жас балуандар Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Таиландтың Паттайя қаласында 15 жасқа дейінгі (U-15) және 20 жасқа дейінгі (U-20) спортшылар арасында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Құрлық біріншілігінің екінші жарыс күнінде Астана қаласының еркін күрес шеберлері Қазақстан құрамасының қоржынына екі медаль салды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

U-15 жас санатында 44 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен астаналық Заманбек Бектөре жоғары деңгейдегі өнер көрсетіп, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Ал 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен тағы бір елордалық балуан Зелимхан Цицкиев қола медаль жеңіп алды.
Осылайша, U-15 жас санатындағы еркін күрестен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын жалпы тоғыз медальмен аяқтады. Оның ішінде бір алтын, төрт күміс және төрт қола жүлде бар.

Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды.

Айта кетейік, U-15 және U-20 жас санаттарындағы спортшылар арасындағы күрес түрлерінен Азия чемпионаты 5 шілдеге дейін жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1250794?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді