
Сайлаушылардың назарына!
Талас ауданы әкімінің 2026 жылғы 1 маусымдағы №03-02 шешіміне сәйкес аудандағы сайлау учаскелерінің орналасқан мекен-жайларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз.
№402 сайлау учаскесі
№402 сайлау учаскесі бұрыңғы орналасқан Ойық ауылы, С.Нұрғожаев көшесі №2 мекен-жайындағы Б.Әлменұлы атындағы орта мектебінен Ойық ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №37 мекен-жайында орналасқан Талас ауданындағы №35 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратына ауыстырылды.
№403 сайлау учаскесі
№403 сайлау учаскесі бұрыңғы орналасқан Қызыләуіт ауылы, Е.Алдамұратұлы көшесі №78 мекен-жайындағы М.Қыстаубайұлы атындағы орта мектебінен Қызыләуіт ауылы, Д.Дүйсенбин көшесі №57 мекен-жайында орналасқан Қызыләуіт ауылдық мәдениет үйінің ғимаратына ауыстырылды.
№404 сайлау учаскесі
№404 сайлау учаскесі бұрыңғы орналасқан Көктал ауылы, Тәуелсіздік көшесі №20а мекен-жайындағы М.Жұмабаев атындағы орта мектебінен Көктал ауылы, С.Сейфуллин көшесі №7 мекен-жайында орналасқан Көктал ауылдық клубының ғимаратына ауыстырылды.
№407 сайлау учаскесі
№407 сайлау учаскесі бұрыңғы орналасқан Қожағаппар ауылы, Ш.Елеусізұлы көшесі №11 мекен-жайындағы Қ.Қошманбетов атындағы негізгі мектебінен Қожағаппар ауылы, Ш.Елеусізұлы көшесі №17 мекен-жайында орналасқан Қожағаппар ауылдық клубының ғимаратына ауыстырылды.
№413 сайлау учаскесі
№413 сайлау учаскесі бұрыңғы орналасқан Қаратау қаласы, Желтоқсан көшесі №16 мекен-жайындағы А.Байтұрсынұлы атындағы гимназиясының ғимаратынан Қаратау қаласы, Саңырық батыр көшесі №25 мекен-жайында орналасқан Балалар өнер мектебінің ғимаратына ауыстырылды.
№414 сайлау учаскесі
№414 сайлау учаскесі бұрыңғы орналасқан Қаратау қаласы, А.Пушкин көшесі №7 мекен-жайындағы мектеп-лицейінің ғимаратынан Қаратау қаласы, Б.Момышұлы көшесі №3Б мекен-жайында орналасқан Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының №31 балалар жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратына ауыстырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1250876?lang=ru

Жауап қалдыру