Мемлекеттік қызметші күні – елге қызмет етудің және өз ісіне адалдықтың мерекесі!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік қызметші күні – елге қызмет етудің және өз ісіне адалдықтың мерекесі!

Бүгін Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Осы ерекше күні мемлекеттік қызметтің ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, олардың мемлекеттік басқару жүйесінің дамуына қосқан елеулі үлесі атап өтілді. Көпжылдық тәжірибесі, кәсібилігі мен жауапкершілігі арқылы олар кейінгі буынға үлгі болып келеді.

Іс-шара барысында жас мемлекеттік қызметшілерге ерекше көңіл бөлінді. Ардагерлер мен басшылар олардың алдағы қызмет жолына сәттілік тілеп, мемлекетке адал қызмет етуге, білімдерін үнемі жетілдіруге және азаматтардың мүддесін әрдайым басты назарда ұстауға шақырды.

Салтанатты рәсімнің маңызды сәттерінің бірі мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметшілердің Ант қабылдауы болды. Бұл – халық пен мемлекетке адал қызмет етудің жауапты жолындағы алғашқы қадамның белгісі.

Мерекелік шараның көркін өнерпаздардың жарқын концерттік бағдарламасы аша түсті. Олардың әсерлі өнері қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.

Барша мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, жаңа жетістіктер мен бақ-береке тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty/press/news/details/1250956?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді