
Ұлытау облысының аумағында есірткі құралдарының заңсыз айналымының жолын кесу және құрамында есірткісі бар өсімдіктердің заңсыз өсірілуін анықтау мақсатында «Қарасора – 2026» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара аясында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Сонымен қатар, заңсыз қарасора алқаптарын анықтау мақсатында аумақтарға тікұшақ арқылы әуеден бақылау жұмыстары жүргізілуде. Бұл заңсыз есірткі өсімдіктерін ерте кезеңде анықтап, олардың заңсыз айналымына жол бермеуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1251001?lang=ru

Жауап қалдыру