
Алматы қаласы Әділет департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған дәріс ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі талаптары, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, қызметтік міндеттерді адал әрі ашық орындау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Дәрістің мақсаты – қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және заңдылық қағидаттарын нығайту.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-almaty/press/news/details/1250974?lang=ru

Жауап қалдыру