
Президент атап өткендей, Қазақстан халқы елдің алдағы ондаған жылдарға арналған даму бағытын айқындайтын тарихи таңдау жасады. Бұл – бүгінгі күн үшін ғана емес, келешек ұрпақтың тағдыры үшін қабылданған маңызды шешім.
Конституция – мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасын айқындайтын негізгі құжат. Оның қағидаттары азаматтардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Еліміздің болашағы – халықтың ауызбіршілігіне, өзара сеніміне және ортақ жауапкершілігіне байланысты. Сондықтан әрбір азамат Жаңа Қазақстанды дамыту ісіне белсенді үлес қосуы қажет.
Бүгінгі таңдау – тұрақтылықтың, өркендеудің және жарқын болашақтың таңдауы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-shu/press/news/details/1251238?lang=ru

Жауап қалдыру