
ШҚО ПД қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Конституциясындағы негізгі өзгерістер түсіндірілді
2026 жылдың 1 шілдесінен бастап жаңартылған Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне енуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде жеке құрам үшін ақпараттық-түсіндіру дәрісі өтті.
Еліміздің Негізгі заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы дәрісті С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің құқықтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры Байркенова Гүлмира Төлеубекқызы өткізді.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлеріне Конституцияның жаңа редакциясының негізгі ережелері, конституциялық нормаларды іске асыру тәртібі, сондай-ақ азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Сонымен қатар құқықтық сауаттылықты арттыру, заңдылық қағидаттарын сақтау және жоғары құқықтық сананы қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесуге қатысушылар құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, конституциялық құндылықтарды нығайтуға және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру жұмыстарының маңыздылығын атап өтті.
ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1251247?lang=ru

Жауап қалдыру