Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ТҮРКІСТАН: «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫН САУРАН АУДАНЫНЫҢ ӨНЕРПАЗДАРЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Түркістан облысында ұйымдастырылған «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі Сауран ауданының мәдени күндерімен қорытындыланды. Фестиваль аясында Сауран ауданының шығармашылық ұжымдары мен өнерпаздары ұлттық өнердің үздік үлгілерін көпшілікке ұсынып, өңірдің мәдени мұрасы мен шығармашылық әлеуетін кеңінен таныстырды. Концерттік бағдарламада халық әндері мен күйлері орындалып, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін мазмұнды қойылымдар көрермен назарына ұсынылды.
Сонымен қатар, қолөнер шеберлерінің көрмесі мен этномәдени экспозициялар ұйымдастырылып, ауданның тарихи-мәдени мұрасы, салт-дәстүрі және ұлттық қолөнерінің үздік туындылары таныстырылды. «Өнерлі өлке» облыстық фестивалі өңірлердің мәдени әлеуетін насихаттауға, халық шығармашылығын қолдауға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және шығармашылық ұжымдар арасындағы мәдени байланысты нығайтуға бағытталған маңызды жоба ретінде өз мәресіне жетті. Фестивальдің қорытынды кеші жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1251532?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді