Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазіргі уақытта Алматы қаласы мәслихатының ресми интернет-ресурсында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұсынымдарына сәйкес мәслихат шешімдері мен әкімдік пен мәслихаттың бірлескен қаулыларын өзектендіру жұмыстары жүргізілуде.

Осыған байланысты сайтта жарияланған құжаттармен танысу кезінде олардың қабылданған күніне назар аударуларыңызды сұраймыз. Құжаттың нақты қабылданған күні әрбір шешім мен қаулының кіріспе бөлігінде көрсетілген. Сондықтан сайтқа жүктелген күн мен құжаттың қабылданған күні сәйкес келмеуі мүмкін.

Атап айтқанда, Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 3/656 қаулысы мен Алматы қаласы мәслихатының 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 239 шешімі негізінде “Алматы қаласының көшелеріне атау беру туралы” құжаттар белгіленген тәртіппен қабылданған және қолданыста болып табылады. Аталған құжат техникалық себептерге байланысты ресми сайтта уақытылы жарияланбаған болатын.

Қазіргі уақытта техникалық ақаулар жойылып, сайттағы материалдарды өзектендіру жұмыстары жалғасуда.

Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-almaty/press/news/details/1251608?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді