
Іс-шараға «Даму» қорының, Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының, «Солтүстік» ӘКК және Халық Банкінің өкілдері қатысты.
Мамандар «Іскер аймақ» және «Ауыл аманаты» бағдарламалары аясында жүзеге асырылып жатқан бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары туралы жан-жақты ақпарат берді. Кәсіпкерлер бағдарламаларға қатысу шарттарымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Кездесу соңында қатысушыларға кәсіп ашу және оны дамыту, мемлекеттік қолдау алу, сондай-ақ қолжетімді қаржыландыру құралдары бойынша жеке консультациялар берілді.
Мобильді фронт-офистің келесі кездесуі Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-kasipker/press/news/details/1251720?lang=ru

Жауап қалдыру