Алматыға әлемдік брендтер келіп жатыр: Қазақстандағы алғашқы ресми LEGO Store дүкені ашылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

4 шілде күні сағат 11:00-де MEGA Alma-Ata сауда-ойын-сауық орталығының 2-қабатында Қазақстандағы алғашқы ресми LEGO Store дүкені салтанатты түрде ашылады.

Алматының Туризм басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, халықаралық желі форматына сай жұмыс істейтін дүкен келушілерге эксклюзивті топтамалар, фирмалық қызметтер мен интерактивті аймақтармен қоса, сан түрлі өнім ұсынады.

LEGO Group – дамытушы ойыншықтар мен білім беруге арналған ойын шешімдерін өндіретін әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі. Брендтің өнімдері әлемнің 130-дан астам елінде ұсынылған және балалар мен ересектер арасында кең танымал.

Қазақстандағы алғашқы ресми LEGO Store дүкенінің ашылуы ел үшін маңызды оқиға болмақ әрі Алматының жетекші халықаралық брендтер үшін тартымды қала екенін тағы бір мәрте дәлелдейді. Жаңа нысан қаланың туристік және сауда-ойын-сауық инфрақұрылымын толықтырып, Алматы тұрғындары мен қонақтарының отбасылық демалыс мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1251918?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді