Энергия, жаңа мүмкіндіктер және пайдалы кездесулер – бәрі бір алаңда!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Энергия, жаңа мүмкіндіктер және пайдалы кездесулер – бәрі бір алаңда!

  Алакөл ауданында өткен «Qosyl Fest» жастар фестивалі әсерлі сәттерге, жарқын эмоциялар мен жаңа мүмкіндіктерге толы күн болды!

  Фестиваль аясында жастар бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысып, мемлекеттік қолдау бағдарламалары, кәсіптік білім алу және кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат алды. Сондай-ақ Алакөл көпсалалы колледжі мен Тоқжайлау көпсалалы колледжі мамандықтар көрмесін өткізіп, талапкерлерге кәсіби бағдар бойынша кеңес берді.

   Мотивациялық кездесулер,  TikTok-аймақтары,  волонтерлерге арналған оқыту курстары, интерактивті алаңдар мен  сыйлықтар – фестивальдің әр сәті ерекше атмосфера сыйлады.

   Сонымен қатар, Жетісу облысының Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы «Jetisu Jastary» КММ-мен бірлесіп жастармен ашық кездесу өткізді. Мамандар діни сауалдарға жауап беріп, дәстүрлі діннің құндылықтары, діни сауаттылықты арттыру және деструктивті діни ағымдардың алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

  Фестиваль барысында «Адал азамат», «Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» бастамалары кеңінен насихатталып, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға және экологиялық мәдениетін дамытуға басымдық берілді.

  «Qosyl Fest» – жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан, пайдалы ақпарат, шабыт пен жарқын естеліктер сыйлаған ерекше алаң!

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy-din/press/news/details/1251963?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді