Түсіндірме жұмыстары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 16 мамырда Жетісу облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің қызметкерлері Кербұлақ ауданының Шанханай ауылында орналасқан, қайта жаңғыртудан өткен Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» музейіне барды.
Экскурсия барысында қызметкерлер қазақтың көрнекті ғалымы, саяхатшысы, этнографы және ағартушысы Шоқан Уәлихановтың өмір жолы, ғылыми мұрасы мен қоғамдық қызметі туралы жан-жақты мәлімет алып, музей қорындағы бірегей жәдігерлермен танысты.
Аталған мәдени-танымдық іс-шара қызметкерлердің тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылығын арттырумен қатар, ұжымдық бірлікті нығайтуға, корпоративтік мәдениетті дамытуға және жұмыс ұжымында жағымды ахуал қалыптастыруға өз үлесін қосты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1252284?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді