
2 шілде – Азаптаулардың алдын алу жөніндегі Ұлттық алдын алу тетігінің құрылған күні
2013 жылғы 2 шілдеде Қазақстанда азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалардың алдын алуға бағытталған Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) құрылды.
ҰАТ-тың басты мақсаты – еркіндігінен айырылған адамдардың құқықтарын қорғау, олардың ұсталу жағдайларын бақылау және азаптаудың алдын алу. Бұл – адам құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды институттардың бірі.
Әрбір адамның қадір-қасиеті мен құқықтары заңмен қорғалады. Адам құқықтарын сақтау – әділетті қоғамның басты қағидаты.
Адам құқықтарын қорғау – бәріміздің ортақ міндетіміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1252405?lang=ru

Жауап қалдыру