Байқау жеңімпазы марапатталды,«Зияткерлік меншік және спорт: стартқа, назар, инновациялар!»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қостанай облысы Әділет департаментінде республикалық байқау жеңімпазы салтанатты түрде марапатталды

Қостанай облысының Әділет департаментінде «Зияткерлік меншік және спорт: стартқа, назар, инновациялар!» тақырыбындағы фитнеспен айналысуға арналған спорттық киім дизайны бойынша республикалық байқаудың жеңімпазын салтанатты түрде марапаттауға арналған іс-шара өтті.

Байқау еліміздің әр өңірінен келген дарынды жастардың басын қосты. Қатысушылар заманауи спорттық сән үрдістері мен инновациялық көзқарасты бейнелейтін 176 шығармашылық жұмысты ұсынды.

Байқау жеңімпазы болып Қостанай қаласы білім бөлімінің «М. Қозыбаев атындағы №23 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің оқушысы Дарья Днепровская танылды. Оның шығармашылық жұмысы республикалық деңгейде үздік деп бағаланды.

Департамент басшысы Алия Аманжулова жеңімпазға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің дипломын және шығармашылық әлеуетті одан әрі дамытуға, жаңа мүмкіндіктер мен шабыттың символы ретінде «Алиса» смарт-бағанасын салтанатты түрде табыстады.

 Дарынды жасқа құрмет ретінде ETHNO Fashion командасы жеңімпазға байқауға ұсынылған эскиз негізінде авторлық үлгідегі киімді тігуге және JAS DESIGN жас дизайнерлер көрсетіліміне қатысуға арналған арнайы сертификатты табыс етті. Сонымен қатар, қазылар алқасының мүшелері байқауға қатысқан барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар ұсынды.

Мерекелік шараның ерекше сәнін Қостанай облысы қолөнершілерінің көрмесі келтірді. Көрмеде ұлттық сәндік-қолданбалы өнердің бай мұрасы, жергілікті шеберлердің жоғары кәсіби шеберлігі мен шығармашылық әлеуеті кеңінен таныстырылды.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, «Заңгер» заң консультанттары палатасының өкілдері, байқаудың қазылар алқасының мүшелері, педагогтер, ата-аналар, қолөнершілер және шақырылған қонақтар қатысты.

 Дарьяны лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Оған жаңа шығармашылық жетістіктер, шабыт пен толайым табыс тілейміз. Бұл жарқын жеңіс жаңа белестер мен үлкен жетістіктерге бастар жарқын жолдың бастауы болсын!

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1252429?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді