
Ұлттық домбыра күніне орай Қарақұдық ауылы мәдениет үйінің қызметкері Әлібек Ынтағали бүлдіршіндермен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында балалар қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарымен танысып, олардың шығу тарихы мен ерекшеліктері туралы мағлұмат алды.
Әсіресе, халқымыздың қастерлі мұрасы — домбыраның мәні мен маңызы кеңінен насихатталды.
Мұндай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, мәдени мұрамызды дәріптеуге зор үлес қосады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-karakudyk/press/news/details/1252989?lang=ru

Жауап қалдыру