Мемлекеттік кірістер комитетінде заңнаманы сақтау және қызметтік әдеп мәселелері бойынша семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыруға, қызметтік тәртіпті нығайтуға және заңнама талаптарының бұзылуының алдын алуға бағытталған семинар өтті.

     Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өкілдері Д. Байбазаров пен Е. Санатов қатысты. Олар мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде болуына, сондай-ақ көлік құралдарын масаң күйде басқаруына жол берілмейтіні жөніндегі заңнама талаптарын түсіндірді. Сонымен қатар мұндай құқық бұзушылықтардың құқықтық салдары мен заңнамада көзделген жауапкершілік шараларына ерекше назар аударылды.

     Семинар барысында қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің жеке жауапкершілігін арттыру, «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындау кезінде де, қызметтен тыс уақытта да жоғары мінез-құлық стандарттарын сақтау мәселелері қаралды.

     Осындай іс-шараларды өткізу Мемлекеттік кірістер комитетінің құқық бұзушылықтардың алдын алуға, құқықтық мәдениетті нығайтуға және мемлекеттік қызметшілердің қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған жүйелі профилактикалық жұмысының маңызды бөлігі болып табылады.

      Мемлекеттік кірістер комитеті заңдылық, адалдық және ашықтық қағидаттарын нығайтуға бағытталған шараларды жүйелі түрде іске асыруда. Бұл өз кезегінде азаматтардың мемлекеттік қызметке және мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға ықпал етеді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1253477?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді