
«Нелегал» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ақтөбе қаласының полиция қызметкерлері Қазақстан аумағында заңсыз жүрген Өзбекстан азаматын анықтады.
Анықталғандай, 39 жастағы шетел азаматы 2022 жылы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылып, оған елге кіруге тыйым салынған.
Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде аталған азамат ұсталды. Ұсталған кезде оның жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған. Жеке басы анықталғаннан кейін ол Ақтөбе қаласы Полиция басқармасының қабылдап-тарату орнына орналастырылды.
Жауап алу барысында күдікті 2024 жылдың күзінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткенін және содан бері Ақтөбе қаласында жасырынып жүргенін мәлімдеді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын оған елге кіруге тыйым салынғанын біле тұра қасақана заңсыз кесіп өту фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Аталған баптың санкциясына сәйкес құқық бұзушыға 3 000 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сондай-ақ, ол Қазақстан Республикасының аумағынан міндетті түрде шығарылатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1253492?lang=ru

Жауап қалдыру