
Астана күні мерекесіне орай Алмалы ауылдық кітапханасында «Еңселі Елорда, асқақтаған – Астана» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.
Кеш барысында Астана қаласының тарихы мен сәулетті келбеті туралы мазмұнды мәліметтер ұсынылып, елордаға арналған ақындардың өлеңдері оқылды. Қатысушылар елорданың символына айналған көрікті ғимараттар, мәдени-рухани орындар және тарихи дамуы туралы танымдық ақпаратпен танысты.
Әдеби бөлімде қазақ ақын-жазушыларының елордаға арналған шығармаларынан үзінділер оқылып, патриоттық әндер шырқалды. Сонымен қатар «Еңселі Елорда – Асқақтаған Астана» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға Астана қаласының тарихы, мәдениеті мен сәулеті туралы әдебиеттер таныстырылды.
Кеш әсерлі өтіп, қатысушылар туған елге деген мақтаныш сезімін білдіріп, Астананың тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі мен бірлігінің жарқын белгісі екендігін атап өтті. Осындай тағылымды шаралар жастардың тарихи танымын кеңейтіп, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеуге зор ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-baishegir/press/news/details/1253516?lang=ru

Жауап қалдыру