
Іс-шара тарихи жадыны сақтау, ұрпақтар сабақтастығы мен Ұлы даланың рухани құндылықтарын дәріптеуге, отбасылық тәрбие мен тарихты зерделеу арқылы патриотизмді, ата-баба дәстүріне құрметті нығайтуға арналды.
Тәртіп сақшылары Алтын Орданың тарихи мұрасының маңызы және оның Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуындағы рөлі туралы мол мағлұмат алды. Сондай-ақ ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан бірлік, әділдік, үлкенге құрмет, сөзге беріктік және қоғам алдындағы жауапкершілік сияқты құндылықтарға ерекше назар аударылды.
Осындай іс-шаралар жас қызметкерлердің өз елінің тарихымен байланысын тереңірек сезінуіне, адамгершілік құндылықтарын нығайтуына және халық алдындағы қызметтік борышын жоғары сезіммен атқаруына ықпал етеді. Тарихи сана мен ата-баба аманаты қоғамға адал қызмет етудің және ұлттық бірлікті сақтаудың берік негізі болып қала береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1253550?lang=ru

Жауап қалдыру