
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Қазақстан Премьер-лигасының 16-туры аясында Қостанайдың «Тобыл» командасын өз алаңында жеңген «Алтай Өскемен» футбол клубын маңызды жеңісімен құттықтады.
Өңір басшысы команданың осы жолы да қайсар мінез, табандылық пен жеңіске деген жігер танытқанын атап өтті. Элгуджа Лобжанидзе соққан жалғыз гол «Алтай Өскеменге» 1:0 есебі бойынша лайықты жеңіс пен чемпионаттағы маңызды үш ұпайды сыйлады.
Облыс әкімі жанкүйерлерге де ерекше алғыс білдіріп, жерлестердің қолдауы маңызды рөл атқаратынын айтты.
«Бүгін стадионда ерекше атмосфера болды. Жанкүйерлердің қолдауы командаға күш-жігер сыйлап, ойыншыларды жаңа жетістіктерге жігерлендіреді», – деді өңір басшысы.
Сөз соңында облыс әкімі футболшыларға Қазақстан чемпионатында сәтті ойын көрсетіп, жаңа жеңістерге жете берулеріне тілектестік білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1253679?lang=ru

Жауап қалдыру