
Жаңа Конституция – денсаулық сақтау саласының дамуына жаңа серпін
Медицина қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен ҚР жаңа Конституциясының күшіне енуіне арналған кездесу өтті.
Жиында Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек сөз сөйлеп, жаңа Конституцияның ел дамуы мен денсаулық сақтау жүйесі үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті.
– Бүгіннен бастап еліміздің жаңа Конституциясы заңды күшіне енді. Бұл – мемлекетіміздің дамуындағы маңызды тарихи кезең. Негізгі құндылық – адам, оның өмірі мен денсаулығы. Сондықтан азаматтардың денсаулығын қорғау бұрынғыдан да маңызды басымдыққа айналып отыр.
Жаңа Ата заң азаматтардың денсаулығын қорғауға қатысты конституциялық кепілдіктерді күшейтеді, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етудегі мемлекеттің жауапкершілігін арттырады. Сонымен қатар қоғамның маңызды шешімдерді қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтеді. Бұл өз кезегінде денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жетілдіріп, оның тиімділігін арттыруға жаңа мүмкіндік береді, – деді Сержан Назарбек.
Кездесу барысында сондай-ақ Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Марат Жұманқұлов пен Жамбыл облыстық қан орталығының директоры Гулам Умаров баяндама жасады.
Олар өз сөздерінде жаңа Конституцияның өңірдегі денсаулық сақтау саласын дамытуға, медициналық қызметтердің сапасын арттыруға және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің тиімділігін күшейтуге ықпал ететінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1253956?lang=ru

Жауап қалдыру