
Шу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері аудан тұрғындары мен автокөлік жүргізушілері арасында автокөліктегі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша профилактикалық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында азаматтарға автокөліктің техникалық жағдайын уақтылы бақылаудың маңыздылығы, электр сымдары мен жанармай жүйесіндегі ақауларды дер кезінде жою қажеттігі түсіндірілді.
Сондай-ақ әрбір көлікте жарамды өрт сөндіргіштің болуы міндетті екені ескертілді. Бұдан бөлек, жүргізушілерге автокөлікте өрт шыққан жағдайда алғашқы іс-қимыл тәртібі түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1253979?lang=ru

Жауап қалдыру