2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті Баянауыл ауданының тұрғындары!

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.

Сайлауға қатысушылардың тізімін жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеудің негізінде жасайтынын хабарлаймыз.

Тұрақты тіркеуі жоқ немесе дауыс беретін күні тіркелмеген орында болуды жоспарлайтын азаматтарға дауыс беретін күнге дейін 30 күннен кешіктірмей ауылдық округ әкімдігіне өтініш беру қажет.

 

Аталған құқықты:

– дауыс беретін күні тіркеу орны бойынша болмайтыны белгілі болған азаматтар;

жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқитын және жатақханадан тыс тұратын басқа елді- мекеннен келген студенттер;

вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар қолдана алады.

 

Тізімдегі деректерді +7 (71840) 9-15-38 нөмірі бойынша Баянауыл ауданы әкімдігінің Call-орталығы арқылы немесе +7 747 264 4070 WhatsApp нөміріне жіберу арқылы тексеруге болады.

 

Call-орталықтың жұмыс кестесі:

дүйсенбі-жұма – сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс 13.00 – 14.30);

сенбі сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін.

Баянауыл ауданының тұрғындарын белсенді азаматтық ұстанымын білдіруге және Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға қатысуға шақырамыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bayanaul/press/news/details/1254030?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді