
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен Исатай мен Махамбет аудандарының шекарасындағы қамыс өртіне қатысты жедел кеңес өтті. Өрт Каспий теңізіне таяу маңда, “Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерватынан тыс аумақта тұтанған.
Жиынға Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, Исатай және Махамбет аудандарының әкімдері, сондай-ақ жауапты қызметтердің жетекшілері қатысты.
Кеңесте қалыптасқан жағдай мен өрт сөндіру шаралары жайы талқыланды. Серік Шәпкенов ТЖД бөлімшелеріне тиісті қолдау көрсетуді және жұмысқа қосымша техника бөлуді тапсырды. Аймақ басшысы өртті сөндіру жұмыстарын тәулік бойы жүргізуді қамтамасыз етуді, Исатай және Махамбет аудандарының қосымша күштері мен құралдарын жұмылдыруды, “Ақжайық” резерватының күшін тартуды және төтенше жағдаймен күреске жұмылған қызметтердің іс-қимылын үйлестіруді жүктеді. Сондай-ақ оқиға орнында жедел штаб жұмысын ұйымдастыруға тапсырма берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1254064?lang=ru

Жауап қалдыру