Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 29 мамырдағы Жарлығына сәйкес көпбалалы аналар Төлебай Махаббат Әбішқызы, Уксикбаева Гүлбану Асанбекқызы, Мұрат Әсел Мұратқызы «Күміс алқа» мемлекеттік наградасына ие болды.
Осыған орай ауыл әкімі мемлекеттік наградаларды табыстап, марапат иелерін құттықтады. Көпбалалы аналардың қоғамдағы орны мен ұрпақ тәрбиесіндегі еңбегіне жоғары баға беріп, дендеріне саулық, отбасыларына амандық пен бақ-береке тіледі.
Марапат иелерін жоғары мемлекеттік наградаларымен құттықтап, отбасыларына амандық, ынтымақ пен ырыс, ал тәрбиелеп отырған ұрпақтарына жарқын болашақ тілейміз.
Жауап қалдыру