
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының бұрйығына сәйкес Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу туралы семинар өткізілді.
Семинарға аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының жауапты қызметкерлері, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «И. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ КМК, «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ КМК және қаладағы көпсалалы клиникалық ауруханалардың қабылдау бөлімшенің меңгерушілерімен қатар госпитальдық эпидемиолог-дәрігерлерілері қатысты.
Департамент басшысының орынбасары Гаухар Сұлтанқызы Каткенова семинардың маңыздылығын атап өтіп, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің инфекциялық және тропикалық аурулар кафедрасының қауымдастырылған профессоры Нур Байбактыевна Туханова Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының клиникасы, диагностикасы жайында баяндама оқыды.
Сондай-ақ Департаменттің аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді бақылау бөлімінің басшысы Жайдаркүл Асханқызы Отарбекова мен бас маман Жанар Жекенқызы Иманбекова Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша эпидемиологиялық жағдай, эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар жөнінде сөз сөйледі.
Шара барысында қатысушылармен талқылау және сұрақ-жауап жұмыстары жүргізілді. Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, білім деңгейлері анықталып қорытындыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1254343?lang=ru

Жауап қалдыру