
Кентіміздің тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шара барысында тұрғындарға заң талаптары түсіндіріліп, құқықтық сауаттылықты арттыру маңыздылығы айтылды. Сондай-ақ, заңсыздықтарға тап болған жағдайда бірден хабарласу үшін Антикор орталығының байланыс нөмірлері жазылған ақпараттық парақшалар (жадынамалар) таратылды.
Егер сіз сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз немесе куә болсаңыз, бірден Антикордың бірыңғай 1424 байланыс нөміріне (қоңырау шалу тегін) хабарласа аласыз.
Таза әрі әділ қоғамды бірге құрайық! Әрбір азаматтың белсенділігі — жемқорлықтан азат болашақтың кепілі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akzhal/press/news/details/1254412?lang=kk

Жауап қалдыру